Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Боровскойкәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК

азаматтарды қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

(бұдан әрі - «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК)

 

  1. 1.        Жалпы ережелер

            1. Оқуға қабылдау туралы бұл ережелер ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы № 130 қаулысымен бекітіліп,  техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасын реттейтін  бастапқы кәсіби білім беру оқу орнындарына азаматтарды қабылдау Типтік ережелер негізінде  білім беру ұйымына азаматтарды қабылдау тәртібі  дайындалған. «Білім туралы» 2007 ж. 27 шілдеде шыққан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл ережелер құжаттарды қабылдау мен  олардың тізбе тәртібін, түсу емтиханын жүргізу, олардың тізбелерінің, нысандарының және өткізу мерзімдерінің ережесін, «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсушілерді қабылдау тәртібін белгілейді.

            2. «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК негізгі (жалпы) орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарын, үнемі тұратын шетел мемлекетінің азаматтарын және мектеп бітірген азаматтылығы жоқ азаматтарды қабылдайды.

                3. «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012  жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсу квотасы үшін:

1) І және ІІ топтағы мүгедек азаматтарды, бала жасынан мүгедек азаматтарды және мүгедек балаларды –  1 %;

2) құқық кепілдіктері Ұлы соғыс ардагерлеріне және сол мүгедектеріне теңдес тұлғаларды – 0,5 %;

3) ауыл (село) әлеуметтік-экономикалық даму негізінде кәсіптік білімді қажет ететін ауыл жастары – 30  %;

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды – 2  %;

5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды – 1  %;

            4. Техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімдері бар азаматтар мен білімдері жоқ  18 жастағы  және одан да жасы үлкен азаматтар кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкестіріліп оқыту үшін «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК қысқа мерзімді оқуына (курстық дайындық пен қайта даярлау)  қабылданады.

            Осы жеке тұлғалар үшін қабылдау нысанын «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК белгілейді.

 

2. Құжаттарын қабылдау ұйымы мен түсу емтиханын өткізу.

      5. «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтініштерін қабылдау үшін қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады және қабылдау комиссиясы 1 маусымнан кешікпей өз жұмысын бастайды.

      Қабылдау комиссия құрамына төраға, жауапты хатшы, комиссия мүшелері кіреді.

      6. Ұйымдастырушының келісімі бойынша аймақтарға шығып «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК азаматтарды оқуға қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.

      7. Қабылдау ережелері және оқуға қабылдау туралы ақпарат АКҚ арқылы жеткізілуге тиісті. Оқуға түсу қорытындысы қабылдау комиссиясының шешімімен өтініштері негізінде, әңгімелесуді өткізу кестесі құжаттар тапсыру кезінде оқуға түсушілерге уақытылы хабардар етіледі. Оқуға түсушілердің қабылданғаны туралы ақпарат 30 тамызға дейін  қабылдау комиссиясы ақпараттық стендтер арқылы жариялайды  немесе «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК интернет  ресурсы арқылы жеткізіледі

       8. «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға қабылдау туралы өтініштер жаппай кәсіптер мен техникалық білім беру бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарлармалары бойынша кадрлардың бұқаралық мамандықтармен оқуға  алынады.

            9. Оқуға түсушілер «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК білімі туралы құжат (түпнұсқасы); 086/У нысаны бойынша медициналық анықтамасы (мүгедектер үшін және бала кезінен 2 топтағы мүгедектерге – жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау жағының анықтамасы); 3*4 см көлеміндегі 4 фотосурет; 16 жастағы және одан да жасы үлкен оқуға түсушілер – тіркелген куәлігін, туу туралы куәліктің көшірмесін, жеке куәлігін, ӘЖК көшірмесін, СТН көшірмесін, үй кітапшасының көшірмесін тапсырулары қажет.

            Оқуға түсушілер тұлғасының куәландыратын құжаттары  жеке, ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен ұсынылады.

            Шетел мемлекеттің басқа азаматтары  және азаматтылығы жоқ  адамдар, тұрғын орындарына тіркелген куәландыратын құжаттарын ұсынылады.

            1) шетел  азаматы – ҚР бір жерінде тұруға белгі қағазы бар

                2)  азаматтылығы жоқ  адамдар – азаматтылығысыз жеке куәлігі

            3) босқын – босқынның жеке куәлігі

                4) баспана іздеуші – баспана іздеушінің  куәлігі

            5) оралман – оралманның куәлігі

             Оқуға түсушілердің өтініштері «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК кәсіптер жөніндегі тіркеу журналына тіркеледі.

                10. Оқуға түсушілер үшін алғашқы түсу емтиханы білікті жұмысшыларды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламасы бойынша кадрлардың бұқаралық мамандықтармен әңгімелесу түрінде өтеді.

            Әңгімелесу берілген өтініштің тілінде өтеді.

            Техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптері бойынша әңгімелесу үшін жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Ережелердің қосымшасына сәйкес белгіленеді

            11. Кәсіптер бойынша кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндіз нысанына түсетін азаматтар үшін кадрлардың бұқаралық мамандықтармен әңгімелесу 28 тамыз аралығында өткізіледі.

            12. Жалпыға міндетті білім беру талаптарының орындалуын қадағалау, әңгімелесу кезінде пайда болған шағым арыздарын дұрыс шешу және «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсушілердің қүқығын қорғау үшін аппеляциялық комиссия құрылады.

            Аппеляциялық комиссия құрамына төраға, хатшы, комиссия мүшелері кіреді.

            Әңгемелесу қорытындысымен келіспеген оқуға түсушілер аппеляциялық комиссияға арыз беруге болады.

                 Шағым арыз қабылдау комиссиясына әңгімелесу қорытындысы шыққаннан кейін сағат 1300- дейін келесі күнгі уақытында беріледі және өтініш иесімен бірге аппеляциялық  комиссиясында қаралады.

            Аппеляциялық комиссиясының шешімі комиссия құрамының тізімімен көпшілік дауыспен қабылданады. Егер тең дауыс берілген жағдайда, комиссия төрағасының шешім қабылдауға құқығы бар. Комиссия жұмысы төрағасының және барлық комиссия мүшелерінің қол таңбаларымен хаттама рәсімделеді.

 

 

3. Оқушылардың құрамына қабылдау

 

            13. Азаматтарды қабылдау «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК оқуға түсушілердің өтініштері бойынша конкурс негізінде жүргізіледі.

            Конкурс шарттары білім алу құқығына кепілдік беруге тиісті және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын игеруге  және қабілетті  азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиісті.

            Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлау; көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттар көрсетілген бейінді пәндер бойынша (математика, физика, технология) бағалары, әңгімелесу қорытындысын ескере отырып, конкурстық іріктеу 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шартарын «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК айқындайды.

   14. Азаматтарды «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК қабылдау жеке мамандықтары мен кәсіпке оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

  15. «Боровской кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК азаматтарды оқуға алу тәртібінің бөлігінде, осы Ережелерімен реттелмеген, құрылтайшымен немесе құрылтайшылармен (мемлекеттік басқару оргнаны) анықталады.