Гончарова Инна Сергеевна,

әлеуметтік педагог

Қазіргі білім беру студенттерді әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық сүйемелдеу жүйесін қолдау мен дамытуды қажет етеді. Жастар арасындағы қылмыстың өсуі, жасөспірімдер нашақорлығы, компьютерлік тәуелділік, студенттердің агрессиясы, өскелең ұрпақтың жалпыадамзаттық құндылықтарының төмен деңгейі (төзімділік, қарым – қатынас жасай білу, мәдениет) - барлық осы мәселелер білім беру мекемелері мен жалпы қоғам алдында өткір тұр. Олардың шешімі бейінді мамандардың – әлеуметтік педагогтар мен психологтардың кәсіби жұмысынсыз мүмкін емес.

"Боровской кәсіптік – техникалық колледжі" КМҚК әлеуметтік педагогының жұмысы әзірленген жылдық жоспар және бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша бірқатар бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Жұмыстың мақсаты: тұлғаның толыққанды дамуы, позитивті әлеуметтенуі, колледж, отбасында студенттердің кәсіби қалыптасуы мен өмірлік өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

Жұмыс міндеттері:

1. Білім алушылар мен ата-аналарға, сондай-ақ қарым-қатынаста, оқытуда, дамытуда, әлеуметтендіруде проблемалары бар немесе әлеуметтік-қауіпті жағдайда тұрған "қауіп тобындағы" жасөспірімдерге уақытылы, кешенді, жеке тұлғаға бағытталған, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

2. Отбасылық қолайсыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің, жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және бейәлеуметтік мінез-құлықтың, қадағалаусыздықтың, білім алушылардың құқық бұзушылығының алдын алу, СӨС насихаттау.

3. Білім беру үдерісіне барлық қатысушылар мен ата-аналардың педагогикалық және құқықтық мәдениетін арттыру.

4. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, қорғаншылық және қамқоршылық басқармасымен, МБЖ-мен "әлеуметтік тәуекел" отбасыларымен және "тәуекел тобы" балаларымен жұмыс істеу бойынша іскерлік әріптестікті жүзеге асыру.

 

 

Информация для родителей

 

 

Законодательство

10 советов родителям 

Скачать

Закон РК Об образовании 

Скачать

Агрессия у подростков 

Скачать

Кодекс РК О браке (супружестве) и семье 

Скачать

Профилактика компьютерной зависимости 

Скачать

 О стипендиях

Скачать

Телефоны доверия 

Скачать

 

Тест Хорошие ли вы родители

Скачать

 

Информационная справка о психологических особенностях подростков

Скачать

 

Тест Готовы ли вы к переходному возрасту ребенка

Скачать