Кәмшат Дөненбаеваның мұражайы жайлы

  Замануи өмірде біз өмірдің құнды ақиқаттарың ұмытып кетеміз де,келесі ұрпаққа не қалдыратынымызды ойламайды екенбіз.Әлеуметтік естелікті сақтаудың,ұрпақтардың сабақтастығының басты міндетін мұражайлар алып келеді.  КМҚК  «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінде»  2018 жылы мұражай ашылды.Мұражайдың ашылуына байланысты іздену және зерттеу жұмыстары жасалды.Бұл мұражай – есімі ұлтымыздың мақтанына айналған Социалистік Еңбек Ері,шоқтығы биік әйел,Қостанай өңірінің төл тумасы Кәмшат Дөненбаева жайлы.Туындыда қарапайым ауыл қызының даңқты ерлікке алғашқы қадам жасағаны,өз ісінің нағыз кәсіби маманына айналғаны,көпшіліктің ықыласына бөленіп,шынайы берілген әрі жанкешті еңбегінің арқасында мемлекеттің ең жоғары марапаттарына ие болғаны, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына үш мәрте  сайланып,партияның үш съезінің делегаты болғаны жайында осы мұражайда көрсетілген.  Мұражайда Кәмшат Дөненбаеваның жеке мұрағаты  материалдары,туысқандарының,достарының,замандастарының,бір дәуірдегі әріптестерінің,сонымен қатар, әр кезеңдегі газет мақалаларының архив  материалдарының, көркем шығармалардың және  «Кәмшат » кітабының негіздерінде жинақталған. Бұл жинақ материалдар тәрбие ісінде құнды боп,азаматтық тәрбие негізі ретінде студенттердің тарихқа өздерінің қатысы бар екенің сендіреді.

 Кәмшат Байғазықызы көзі тірісінде елінің ерен бағасын алған,құрметіне бөленген жан. Кейінгі толқын ұрпаққа аманат етіп жеткізу – соңында қалған ұрпағының парызы.