Жанарстанова Манар Навановна

Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының

Боровской кәсіптік- техникалық колледжі

коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны,

жоғары деңгейдегі бірінші санатты оқытушысы

 

Қазақ тілі және әдебиеті

  ІІкурс аспаз тобы А/П - 7, «Наурыз»,аралас

Сабақ тақырыбы: «Наурыз мерекесі»,

«Қазақ халқының салт-дәстүрі».

 «Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал  жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында.»                     Н.Ә. Назарбаев.

Оқытушысы студенттерді бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.Студент өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.Студенттің жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық шығармашылық қабілетін оятады.Топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық ұжымдық ) өткізуді қамтамасыз етеді.

Сабақ мақсаты:

1) Наурыз мерекесі туралы жалпы  мағлұмат беру.

2) Қазақтың салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен таныстыру.

3) Сабақ барысында ойын қолдану арқылы, білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап арқылы, ауызша  сөйлеу, ізденушілік.

Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих, математика.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме:

Оқытушы: Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

         Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. 22 наурызда күн мен түн теңеледi.

         Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.

Презентация

2. Роза Қуанышқызы Рымбаеваның орындауында «Наурыз әні»

 (ұзақтығы 1.10 мин ).

Тамашалаймыз!

Студенттер: 3. Өлеңді хормен оқу.

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

4. «Ойлан-тап» ойынын ойнаймыз

Студенттер(топен жұмыс)

Ойын тәртібімен таныстыру

а)  тақтада  12 ұяшық көрсетілген

ә) 12 ұяшықтан бір ұяшықты таңдап алуыңыз  керек

б)  әр ұяшықтың астында бір сұрақтан

в)  сұраққа жауап берулеріңіз керек

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 Сергіту сәті

Студенттер: Викторина сұрақтары

Оқытушы:4. Қазақтың салт-дәстүрлеріне тоқталып кету.

Балалар қандай қазақтың салт-дәстүрлерін білесіздер?

-баланы бесікке салу

-баланы қырқынан шығару

-тұсаукесер

-қыз ұзату

-бет ашар

Өте жақсы, енді балалар біз ұлттық тағамдарды еске түсірейік

-қандай ұлттық тағамдарды білесіздер?

-бесбармақ

-бауырсақ

-құрт

-айран

-көже

Біз жоғарыда айтып өткендей, Наурыз мерекесінде міндетті түрде, Наурыз көжесі жасалады

- Наурыз көже неше тағамнан дайындалады?

- Наурыз көжесі жеті тағамнан дайындалады

- құрамына кіретін жеті тағам түрін атаймыз

-  ет; су; тұз; күріш; тары; кеспе; айран.

 

Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi.

Оқытушы :  5. Ал балалар, біз қазір «Наурыз көже пісіру»  ойынын ойнаймыз

Ойын тәртібімен таныстыру

а) Қазан суретін іліп қою

ә) жеті тағамның суреті салынған қағаздарды таратып беру

б) бір -бірлеп тақтаға шығып, тағамдарды ретімен  қазанға салу

Мысалы:

ет 

су

тұз

күріш

тары

кеспе

7)  айран.

Оқытушы  6. Нақыл сөдермен таныстыру

Студенттер : 7. Көрсеткішті қолдану арқылы сөйлемді аяқтау

 

Наурыз

Күн мен түн

Табиғат

Жер

Құстар

 

 

 

көгереді

оянады

теңеседі

Ұлыс күні жыл басы

ұшып келеді

 

 Студенттер : 8. Жұмбақ шешу арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін арттыру

Оқытушы: Бекіту:Рефлексия

- сонымен балалар, көктемде қандай мейрамды мерекелейміз?

- Наурыз мейрамының ерекшеліктерін атаңыздар

- қандай салт-дәстүрмен таныстық?

- ұлттық тағамдардың қандай түрлерін атап өттік?

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Баршамызға бахыт, береке әкелсін!

Ақ мол болсын!

Сау болыңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақ тілі: әдістемесі Есенова Қ.Ө.

Қазақ тілі : (жаттығұлар жинағы) Ф.Ш. Оразбаева,Т.Т. Аяпова

Республикалық педагогикалық – әдістемелік журнал Кәсіби білім беру

Практикалық қазақ тілі Н. Оралбаева.